Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

«Жіті ішек инфекцияларының алдын алу»

«Жіті ішек инфекцияларының алдын алу»

Ата-аналарға арналған ақпарат:

Ішек инфекциясы– асқорыту жолының негізгі зақымдануы, улағыш реакция мен ағзаның дегидратациясына әкелетінтүрлі этиологиялық жұқпалы аурулардың тобы. Ішек инфекциясының басты белгілері: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тәбетсіздік, іштің ауырсынуы, құсумен су өту болып

 

табылады. Escherichia coli (E. coli) бактериясы көбінесе адамдар мен жылы қанды жануарлардың ішектерінде кездеседі.

Бактерияларды азық-түліктің мұқият термиялық өңдеу барысында өнімдердің барлық бөліктері 70°С және одан да жоғары температураға жеткен кезде жоюға болады.

Ішек таяқшасынан туындаған ауыру белгілеріне іш аймағының таралуы, кейбір жағдайда қанды диареяға өтетін су өту де кіреді. Сонымен қатар, оларға безгек пен құсуды да жатқызуға болады.

E. coli адам ағзасына көбінесе тартылған ет және пісірілмеген сүт сияқты шикі немесе керекті термиялық өндеуден өтпеген зарарлы өнімдерін тағам ретінде пайдалану нәтижесінде беріледі. Су мен басқа да тамақ өнімдерінің нәжіспен ластануы, сондай-ақ тамақ дайындау кезіндегі шалыс ластануы (сиыр еті мен басқа да ет өнімдері арқылы, ластанған жұмысшы беттер мен ыдыс-аяқ арқылы) инфекция жұқтыруына әкелуі мүмкін.

Ауру тараудың өсіп келе жатқан саны үй немесе жабайы жануарлардың нәжісімен кез келген өсіру мен өндеу кезінде ластанған жемістер мен көкөністердің тағамда пайдалануымен байланысты.

Адамдардың тығыз байланыстары инфекция таралуының негізгі жолдарының бірі болып табылады (фекалді-оралді жұқтыру жолы).

Бұдан басқа, адамдар жиі шалдығатын ауру сальмонеллез болып табылады.

Жануарлардан жасалған өнімдердің құрамында сальмонелла бактериясы болғандықтан, адамдарға шикі немесе шала піскен жұмыртқаны, үй құсын немесе етті, шикі немесе пастерлеуден өтпеген сүтті және басқа да сүтті өнімдерін тағам ретінде пайданалуға болмайды. Шикі ет пайдалануға дайын өнімдерден бөлек сақталуы керек. Асханалық тақтайларды, пышақтар мен басқа да ыдыс-аяқты шикі өнімдермен байланыста болған соң мұқият түрде жуу керек. Қолды тағамды қабылдау алдында және түрлі өнімдерді өндеу арасында жуып тұру керек. Қолды, асхананы, жұмысшы беттер мен ыдыс-аяқты шикі ет немесе құс етімен байланыстан болғансоң бірденсабын мен сумен жуыңыз. Нәрістелерге, қарт адамдарға және әлсіреген  иммунитетті адамдарға арналған өнімдер ерекше өндеуді талап етеді.

Емшек сүті жас балаларға арналған ең қауіпсіз тағам өнімі болып табылады. Ол сальмонеллез бен басқа да аурулардың алдын алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Қауіпсіз тамақтанудың бес негізгі қағиларын» сақтауға кеңес береді. Бұл ұсыныстарды барлық  жағдайда, әсіресе 70°C температураға дейін жететін «өнімдердің дұрыс термиялық өңдеуіне» байланысты ұсынысын орындау керек. Жемістер мен көкөністерді, әсіресе тамақтануда шикі түрінде пайдаланатын кезде, мұқият түрде жуып отыру қажет. Мүмкін болса, көкөністер мен жемістерді тазалау керек. Халықтың осал топтары (балалар мен қарт адамдар) шикі немесе керекті термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдері, шикі сүт пен шикі сүттен жасалған өнімдерін тамақ ретінде пайдаланбау керек.

 

Тамақ дайындау, тамақтану алдында және әжетханадан кейін әсіресе әлсіреген иммунитетті адамдар, қарт адамдар мен кішкентай балаларға қамқорлық жасайтын адамдар үшін жүйелі түрде қол жууға кеңес беріледі. Бұнын басты себебі бактерияның тек тағам өнімдері, су және жануарлармен тікелей байланыс арқылы қана қоймай, бірақ адамнан адамға да жұғу мүмкінділігі.

Диагнозды дұрыс қою үшін дәрігерге көріну керек. Өз-өзіңізді емдемеңіз, себебі бұл сіздің жағдайыңыз бен балаңыздың жағдайын нашарлату мүмкін.